Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
oqyrman.kitaphana.edu.KZ
Жүйе туралы Статистика
Жоба туралы


Оқушылардың оқу сауаттылығын бақылау ақпараттық жүйесі

1. Жобаның жалпы сипаттамасы

Оқушылардың оқу сауаттылығын бақылау ақпараттық жүйесі – оқушылардың оқу белсенділігін жасанды интеллект (AI) технологиялары арқылы жүйелі түрде талдауға және бақылауға арналған заманауи цифрлық платформа.

Жүйе білім беру ұйымдары мен уәкілетті мемлекеттік органдар үшін сапалы статистикалық деректер мен талдамалық есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.


2. Жобаның мақсаты

  • Оқушылардың оқу белсенділігі мен оқу сауаттылығын бақылауға арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру;

  • Оқу дағдыларын дамытуға, дербес оқуға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;

  • Білім беру ұйымдары мен министрлік деңгейінде негізделген талдамалық деректер ұсыну.


3. Жобаның міндеттері

  • Оқушылар оқыған кітаптар туралы деректерді жинау, сақтау және өңдеу;

  • Оқушылардың жеке кабинеті арқылы:

    • Оқылған кітаптар бойынша мазмұн, пікір және талдау жазу;

    • Файлдарды жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың мәтінді түсіну деңгейін жасанды интеллект (AI) арқылы бағалау;

  • Республика көлемінде облыс, аудан, мектеп және сыныптар бойынша статистикалық талдау жүргізу;

  • Оқушылар мен мектеп кітапханашылары арасында тиімді кері байланыс орнату;

  • Оқушылардан келіп түскен сұраныстар негізінде кітапхана қорын толықтыруға ұсыныстар қалыптастыру.


4. Функционалдық мүмкіндіктері

4.1 Оқушылар үшін:

  • Жеке кабинет;

  • Оқу үшін электронды кітаптар;

  • Оқылған кітаптар тізімі;

  • Кітаптарға пікір жазу және тапсырмалар орындау;

  • Мәтінді түсіну деңгейі бойынша AI негізіндегі талдау, есеп және ұсыныстар;

  • Кітапханаға кітапқа сұраныс жіберу.


4.2 Мұғалімдер үшін:

  • Оқушылардың оқу прогресін жасанды интеллект арқылы талдау;

  • Сынып және мектеп деңгейінде есептер қалыптастыру;

  • Оқу сауаттылығы бойынша тұрақты мониторинг жүргізу.


4.3 Әкімшілер үшін:

  • Пайдаланушыларды басқару (оқушылар, мұғалімдер, кітапханашылар);

  • Жүйелік параметрлер мен бағалау әдістемелерін баптау;

  • Жалпы статистиканы бақылау;

  • Деректердің дұрыстығы мен өзектілігін қадағалау.


4.4 Министрлік, білім басқармалары және білім бөлімдері үшін:

  • Аймақтар мен мектептер бойынша толыққанды аналитикалық есептер;

  • Оқу белсенділігі мен оқу сауаттылығының динамикасын бақылау;

  • Стратегиялық және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған деректер;

  • Ұлттық деңгейдегі мониторинг пен есептілік.


5. Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейін нақты, жүйелі және ашық бақылау;

  • Оқу белсенділігінің артуы және кітап оқуға қызығушылықтың қалыптасуы;

  • Кітапхана қорын нақты сұранысқа сәйкес толықтыру;

  • Білім беру саласында деректерге негізделген тиімді басқару жүйесін қалыптастыру.